• ...

  • ...

  • ...

  • ...

  • ...

Бесплатные шаблоны Joomla

28-ші маусым ашылды

    Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрының 28-ші маусымы У.Гаджибековтың «Ашын мал алан» музыкалық комедиясымен ашылды. Көрермен қауымын және театр ұжымын Павлодар облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Райымбеков Ардақ Татымбекұлы және театр басшысы Байжұманов Мұхтар Хамитұлы жылы құттықтап, жаңа маусымда шығармашылық табыс тіледі.

Жұмат Шанинге – 125 жыл

Қазақ халқының ұлттық өнерінің дамуына зор үлес қосқан актер, музыкант, жазушы-драматург, еліміздің алғашқы режиссері, қазақ ұлттық театрының іргетасын қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі атағына тұңғыш ие болушы, жерлесіміз Жұмат Шанинге – 125 жыл. Осыған орай елімізде көптеген мерейтойлық шаралар өтуде. Сәуір айында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан, Шымкент қалаларында Түркі елдерінің Халықаралық театрлары фестивалі өтті. Фестивальде Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» тарихи трагедиясын қойған Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка театры жоғары бағаға ие болып, басты рольдерді рпындаушылар Б.Оқасов және Ж.Доспаев арнайы сыйлықтармен марапатталды.

22-23 қыркүйек күндері Ж.Шаниннің 125 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар облысымызда жалғасын табады.

Бірінші күні, С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция жұмысына жергілікті және Астана, Алматы қалаларынан арнайы келген ғалымдар, өнертанушылар, Ж.Шаниннің туған-туыстары қатысады. Кешкі сағ.19.00 Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрында «Арқалық батыр» спектаклі қойылады.

Екінші күні, мерейтойлық шаралар Ж.Шаниннің туған елі – Баянауылда жалғасады. Бағдарламаға сәйкес Республикалық ақындар айтысы және басқа да мерекелік шаралар өтеді.

20 қыркүйек /сәрсенбі/ 19:00
28-ші маусымның ашылуы
У.Гаджибеков
«Аршын мал алан»
/муз.комедия/

21 қыркүйек /бейсенбі/ 11:00, 12:30
О.Әубәкіров
«Қожа мен спорт»
/ертегі/

22 қыркүйек /жұма/ 19:00
Ж.Шаниннің 125 жыл мерейтойына арналған
Ж.Шанин
«Арқалық батыр»
/тарихи драма/

23 қыркүйек /сенбі/
10:00
О.Әубәкіров
«Қожа мен спорт»
/ертегі/

16:00
К.Жұмабеков
«Адасқандар»
/драма/

25-27 қыркүйек
Қарағанды қаласы С.Сейфуллин атындағы
қазақ драма театрының гастрольдік іс сапары
Павлодар қаласында

29 қыркүйек /жұма/ 16:00
Ә.Оразбеков
«Бір түп алма ағашы»
/драма/


Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка - драма театры ЭКСПО - 2017 мәдени шараларының шеңберінде Қ.Жүнісовтың "Ғашықтар хикаясы" комедиясын тамашалауға шақырады.
Басталуы 19 тамыз күні, сағат 18:00. Кіру тегін.
Өтетін орыны: Астана қаласы, Ж.Омаров көшесі 47 б, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театр. 

Байланыс тел: 8 775 368 22 71.

Театр маусымының жабылуы     

Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрында кезекті маусым аяқталды. Бұл күні көрермендер театрдың тәжірибелі және талантты актері Бейбіт Шәнімнің сахналауында У.Гаджибековтің «Аршын мал алан» музыкалық комедиясының премьерасын тамашалады

 

 

 

Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күні мерекесі құрметіне театр ұжымы көрермендерге мерекелік концерт сыйлады.

 1 20170516 1234795161 

толығырақ

Гүлжан Қайырбекованың бенефисі

- 1 20170515 1394501499Театр артисі, ҚР мәдениет қайраткері Гүлжан Қайырбекованың 25 жылдық еңбек жолына арналған шығармашылық есеп беру мерекелік кеші өтті. Кеште музыкалық спектакльдерден әндер, оперетталардан ариялар, романстар орындалды. Мерейтой иесін облыстық, қалалық мәдениет және қоғамдық ұйымдар мен мекемелер өкілдері құттықтады.

толығырақ

                 Гүлжан Қайырбекованың шығармашылық кеші

      ҚР мәдениет қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Алматы театр институтының түлегі Гүлжан Қайырбекова 1993 жылдан Ж.Аймауытов атындағы театрда әртіс болып еңбек етеді. Осы уақыт ішінде ол М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясында Шолпан, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясында Баян сұлу,  М.Әуезовтың «Қаракөз» трагедиясында Қаракөз, Ә.Тәжібаевтың «Майра» музыкалық спектаклінде Майра, И.Штраустың «Жарғанат» («Летучая мышь») опереттасында Адель, М.Түлебаевтың «Біржан-Сара» операсында Сара және басқа да көптеген рөлдерді орындаған. 

      13 мамырда сағат 16.00 Гүлжан Қайырбекова өзінің мерейтойы қарсаңында театрда шығармашылық кешін өткізеді.

      Келіңіздер, көріңіздер, тамашалаңыздар! 

Ж.Аймауытов атындағы театрдың толайым табысы.

Сәуірдің 18-21 күндері Оңтүстік Қазақстан облысында түркі әлемі театрларының «Театр көктемі-2017» Халықаралық театр фестивалі өтті. Бұл фестиваль Қазақстанның тұңғыш режиссері, қазақ ұлттық театрының іргетасын қалаушы, жерлесіміз Жұмат Шаниннің 125 мерейтойына арналған болатын. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласында өтіп, облыс орталығы Шымкент қаласында жалғасты.

Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ-музыкалы драма театры Халықаралық фестивальге Ж. Шаниннің «Арқалық батыр» (режиссері Жанат Хаджиев) тарихи драмасымен қатысып, тамаша жетістікке жетті. Театрымыздың актері, ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты ОҚАСОВ БЕКБОЛАТ ҚАБИДЕНҰЛЫ – Арқалық батыр рөлі үшін «Қасымхан Шанин атындағы» номинациясымен марапатталды, театр әртісі, ҚР мәдениет қайраткері ЖҰМАХАН ДОСПАЕВ спектакльдегі Әжіхан рөлі үшін «Қойылымдағы ұтымды бейне» номинациясымен марапатталды.

Жетістікке жеткен сахна саңлақтарын және бүкіл өнер ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!

 

                                                Театр фестивальге қатысады

      Үстіміздегі жылы Қазақстанның тұңғыш режиссері, қазақ ұлттық театрдың іргетасын қалаушы Жұмат Шанинның туғанына 125 толады. Осыған орай, 18-21 сәуір күндері Оңтүстік Қазақстан облысында түркі әлемі театрларының «Театр көктемі-2017» Халықаралық театр фестивалі өтеді. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі «Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан» қаласында болады. Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ сазды-драма театры фестивальге Жұмат Шанинның «Арқалық батыр» тарихи драмасымен қатысады.

    Өнер ұжымына шығармашылық сәтті сапар тілейміз.

 

Ж.Аймауытов атындағы  қазақ музыкалы драма театрында Халықаралық театр күні кеңінен аталып өтті. Театрға көп болып жиналған өнерсүйгіш қауымға әртістер ән шырқап, би билеп, қойылымдардан көріністер көрсетті.