• 1, 3 қараша 16:00

  • 22 қараша 18:30

  • 24 қараша 18:30

  • 25 қараша 16:00

  • 29 қараша 18:30

Назар аударыңыз
  • Lack of access rights - File '/images/joomgallery/details/_2/_3/akimchilik_1_20140216_1798552454.jpg'
  • Lack of access rights - File '/images/joomgallery/details/_2/_3/akimchilik_1_20140216_1798552454.jpg'
Шаблоны Joomla 3 тут

«Егемен Қазақстан» Аймауытов театры туралы     

 

   «Сіздермен қанаттас өмір сүргенім үшін бақыттымын» деп аталатын жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың мерейтойына арналып, Атырауда өткен Халықаралық театр фестиваліне біздің театр да қатысқан болатын. Одан ұжым үлкен табыспен, жеңіспен оралған. Сол фестивальден есеп «Егемен Қазақстан» газетінің 23 желтоқсандағы санында шықты. Авторы Айгүл Аханбайқызы. «Ғасыр қасіреті» («Нашақор жайлы новелла» пьесасының желісімен сахналанған) спектакль фестиваль жюриінен, оның төрағасы Асаналі Әшімовтен, көрермендерден, тіпті шығарма авторының өзінен, бірауыздан жоғары бағаға ие болған. Бұл қойылымның режиссері Ержан Қаулановтың және рөлдерді сомдаған әртістер ансамблінің жеңісі!

Облыстық «Сарыарқа самалы» газеті,

 

Театрдың өзегі

  1 20160112 1074559849Әділет АХАНОВ, театрдың режиссері: - Мен еңбек жолымды осы өнер ордасынан бастағанымды сәттілік деп есептеймін. Өйткені Павлодар театрында қалыптасқан орта, әсіресе талантты артистер баршылық. Мұндай өнер ұжымымен кез келген классикалық драмаларды жүрексінбей сахналауға болады. Биыл алғаш рет өзбек драматургы Е.Құшуақтовтың «Қызыл алма» спектаклін қойдық. Белгілі жыршы Данияр Әсеновпен Абай ақынның шығармаларына арналған «Желсіз түнде жарық ай» моноспектаклін сахналадық. Айта кетейін, аталмыш қойылым биылғы желтоқсанның 5-інен бастап Ресейдің Омбы қаласындағы қазақ диаспорасының шақыруымен сол жаққа сапарға шықты. Олар Омбы қаласы мен сол аймақтағы қандастарымыз қоныстанған жерлерде өнер көрсетпек.

Қаңтар айында көрермендерімізге С.Жүнісовтің «Қылмыскер» атты пьесасын қоюды жоспарлап отырмыз. Бұл - өмірлік философияға негізделген, терең ойға жетелейтін тартымды қойылым.

Әрине, әрбір режиссер классикалық туындыны сахналауды армандайды. Отбасы, ошақ қасының әңгімесінен гөрі дара қаламгерлердің туындылары көрерменді көбірек тартатыны даусыз. Мен, мәселен, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасын жаңа қырынан қойсам деймін. Жүсіпбек Аймауытов туындыларының арасынан «Мансапқорлар» драмасы да сахнаға сұранып тұр. Музыкалық театр болғандықтан, бірнеше мюзиклдерді сахналау да ойда бар. Бұлар - алдағы күннің еншісіндегі дүниелер.

Шығармашылық талап бар жерде өнер жұтамайды.

Түйін:

Иә, қазақ театры алғаш ашылған сонау 1938 жылдан бері талай қиындықты бастан кешті, алақайлап ашылды, солақай саясаттың кесірінен жабылды, ширек ғасыр театрсыз қалып, тәуелсіздік қарсаңында қайта ашылды. Бұл күнде ағзам сарайындай тамаша ғимараты, талантты өнер иелері бар. Репертуары... репертуары М.Әуезов атындағы «әкемтеатрдан» кем емес. Әлемдік дәрежедегі жауһар дүниелердің бағы жанды. Талай әйгілі режиссерлер келіп, спектакльдер қойды. Мыңдаған көрерменнің алғысын алды. Қазір ақпарат заманы, кез келген кино, өнер туындысын отыңның басында отырып-ақ көре бересің. Бірақ бір нәрсе айқын: заманауи бұл жетістіктер театрды, қолөнерді, жалпы ұлттық өнерді өшіре алмайды. Ұлы мәртебелі театр ұлы күйінде қала бермек. Өйткені театрдың тамырында ғасырлар өшіре алмаған әдебиет, мәдениет, тарих - ұлттың руханияты бүлкілдеп жатыр. Ол сонысымен асқақ! Мерейтойың құтты болсын, өнер ордасы!

 

 

Премьера

Ерболат Айнабеков, «Оңтүстік Қазақстан»

Жуырда Павлодар облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка драма театры

драматург, жерлесіміз Сабырбек Олжабайдың «Қара көзілдірікті келіншек» 

атты пьесасын сахналағаны туралы хабарлағанбыз.

 

ШЫМЫЛДЫҚ

ШЕҢБЕРІНДЕГІ

ШЫНДЫҚ

 

Қойылым өмірдегі, қоғамдағы түрлі қайшылықтарға, әлеуметтік, психологиялық тартыстарға толы. Отбасылық бақытты тәрк етіп, дүние – жалғанның жетегінде кету, ұлттық құндылықтарды бағалай білмеу, соңында осы ойсыздықтың жазасын тарту – қай қоғамда да кездесіп жататын құбылыс. Ал, оны жеріне жеткізе жазу бар да, өмірдің боямасыз осы көрінісін қаз – қалпында көрермендер назарына сахна тілінде сөйлете білу бар. Бұл тұрғыда  режиссердің адамның жан дүниесі мен тағдырын терең зерттеп, соны ізденістеге баруы, актер мен көрермен арасындағы шынайы байланыс орнатуға талпынуы, сахнадағы жүріп жатқан қойылымның барынша сенімді шығуына күш салғаны аңғарылады. Спектакльде  жекелеген адамдардың өмірі арқылы қоғамдағы күрделі, түйіні тарқатылуы қиын түйткілдер тақырып арқауына айналды.

«Звезда Прииртышья» 28.04.2016г.

Гастрольная жизнь

Играли где? В Караганде!

В этом месяце артисты Павлодарского областного казахского музыкально-драматического театра имени Ж. Аймауытова побывали на гастролях в Караганде. За неделю они представили публике пять спектаклей и одну детскую постановку на сцене Карагандинского областного казахского драматического театра имени С. Сейфуллина. В свою очередь карагандинцы, не желая оставаться в долгу, в эти дни посетили областной центр с ответными гастролями.

                        Облыстық «Сарыарқа самалы» газеті

                                №39  10 сәуір 2014ж.

 

Театрдың Талжібегі

 

Павлодарлық өнерсүйер жұртшылық Талжібек Атамбекті «Керекудің кербез сұлу Майрасы», «Қазақтың Айманы» деп еркелетеді. Халыққа еркелеу – әртіс үшін бақыттың шыңы десек, артық айтпағандық болар.  Талжібек Жұмаділқызы сүйікті жар, ардақты ана, құрметті әртіс және әнші атанған жайы бар. Осындай сәулелі құбылысты да бақыт деп атамасқа болмасы анық.

            Жуырда ҚР мәдениет қайраткері, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалінің иегері, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының  негізін қалаушылардың бірі, алғашқы қарлығашы - Талжібек Атамбекпен дидарласқан едік. «Елу деген не ол, ол - екі жиырма бес» - демекші, әртістің қос жиырма бестегі шаттықты шақтары туралы әңгімелесудің жолы түсті.